COVID-19: 45-ке төмендеді

14 ақпанда Қостанай облысында коронавирус 45 адамнан табылды.
Атап айтқанда: Қостанай қ. –10, Әулиекөл ауданы – 5, Рудный, Арқалық, Лисаков қалалары және Денисов, Қостанай аудандарында – 4, Қарабалық және Мендықара аудандарында – 3, Алтынсарин және Федоров аудандарында – 2 адамнан.
41 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 1 адам коронавирус расталған науқастармен байланыста болған, 3 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 40 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2022 жылғы 14 ақпан аралығында COVID-19-ды 52 495 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 50 604.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 355 363 адам, екінші компонентпен 338 759 адам вакциналанды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓