Дәурен Абаев: “100 жаңа есімді” бірге таңдайық”

El.kz порталында «100 жаңа есім» арнайы жобасына өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  100 жана есім«Бүгінгі күні министрлік қоғамдық  сананы жаңғырту жөніндегі «Рухани  жаңғыру» бағдарламасының аясындағы жобаларды жүзеге  асыруға  айрықша күш сала кірісті. Соның ішінде өзінің  талантымен және қажырлы еңбегімен  жетістікке жеткен табысты азаматты анықтайтын «100 жаңа есім» арнайы  жобасы жүзеге  асырылуда. Кандитаттарды іріктеу аясындағы жұмысты біз сарапшылармен,  түрлі салада еліміздің дамуына еңбек сіңірген қайраткерлермен жүзеге асыруды жоспарлаудамыз», – деді министр.
Оның айтуынша, осыдан біраз уақыт бұрын El.kz порталында өтінімдерді қабылдау басталды.
«Осы мүмкіндікті пайдаланып, баршаңызды жобаға қатысуға, айрықша  жетістіктерімен, бірегей қасиеттерімен тәнті еткен адамдарды таңдауға үлес қосуға шақырамын», – деді Дәурен Абаев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓