Киберспорт турнирі өтті
Қостанайда "Sanaly urpaq" жобалық кеңсесінің қолдауымен Counter-Strike: Global Offensive дисциплинасы бойынша өткен "KSK FastCUP" бірінші облыстық киберспорт турнирінің қорытындысы шығарылды. Бұл турнирге өңір колледждерінен 18 команда қатысты.
"Турнир Қостанай облысының техникалық және кәсіптік білімінің 80 жылдығына арналған, – дейді турнир барысы туралы Қостанай құрылыс колледжінің директоры Арман Шамшин. – Әр командада бес спортшы болды. Барлық ойын, соның ішінде финал әлеуметтік желілерге таратылды. Қорытынды біріншілік осы дисциплина бойынша үздік саналатын қазақстандық комментаторлардың бірі Нұрлан Цунами Абаевтың қатысуымен өтті".
Турнир осы жылдың 1 ақпанында басталған еді. Ақтық ойыннан басқа барлық ойындар "Best of 1" форматында (бірінші жеңіске дейін) өткізілді. Шешуші сайыстар 11 ақпанда "Best of 3" (екі жеңіске дейін) форматында өтті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің басты мақсаты студенттерді киберспортпен айналысуға тарту, сондай-ақ кәсіби және командалық рухты қалыптастыру және соған тәрбиелеу. Ал мұның әлеуметтік-мәдени тұрғыдан маңызы зор.
"Бұл турнир "Саналы Ұрпақ" жобасы аясында өтуде, – дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов. – Қазақстандағы және әлемдегі Киберспорт – ең перспективалы және тез дамып келе жатқан индустриялардың бірі. Оны бірнеше рет олимпиадалық бағдарламаға қосу ұсынылды. Бұл командалық рухты дамытуға, реакция мен стратегиялық ойлауды дамытуға көмектеседі. Мен өмірдегі сияқты, киберспортта да "алдау" ("читерлік") деп аталатын амалдар жоқ екенін атап өтер едім. Бәсекелестік және ойын элементтері арқылы балалар ересектер тәрбие ретінде айтатын адалдық пен өзін-өзі жетілдіру принциптерін түсінеді".
Турнир қорытындысы бойынша бірінші орынды Қостанай құрылыс колледжінің командасы, екінші орынды Қостанай гуманитарлық колледжінің командасы, үшінші орынды Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері иеленді. "Турнирдің үздік ойыншысы" (MVP) атты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тағайындаған Кубок Құрылыс колледжінің команда капитаны Темірлан Нұрмановқа табыс етілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұдан былай мұндай іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылмақ. Қазір ұйымдастырушылар жоғары оқу орындарының командаларын шақыра отырып, Наурыз конференциясын өткізуді жоспарлап отыр.