Дычко қайда жүр?

Кәсіпқой боксшы, екі дүркін Олимпиада жүлдегері, жерлесіміз Иван Дычконың (9-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны мәлім болды, деп жазды aikyn.kz.
Суперауыр салмақтағы боксшының менеджері Зия Әлиев дайындық барысы туралы айтып берді.
"Біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Бізге әртүрлі промоутерден көптеген ұсыныс келіп түсті. Әрине, кімнің қандай ұсыныс жасайтынын сарапқа саламыз. Жалпы, Дычко рингке оралуы үшін жұмыс істеу үстіндеміз. Шаршы алаңға наурыз айында шығуы мүмкін. Біз жекпе-жекті ақпан айына жоспарлаған болатынбыз, бірақ Америкадағы шоулардың 90 пайызға жуығы COVID-19 салдарынан кейінге шегерілді. Наурызда да өтпейтін шоулар бар, бірақ біз сол айда оралуға тырысамыз, – деді Әлиев Дычконың келесі жекпе-жегі туралы. 
Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2019 жылы шілдеде америкалық Нэйт Хэвенге қарсы өткізіп, нокаутпен жеңген болатын.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓