Карантин: қаулыда қандай өзгеріс бар?
Қостанай облысындағы карантиндік шектеу шараларына қатысты осы жылдың 4 ақпанындағы қаулыға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігері Е.Дәулетбаевтың шектеу шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету аясындағы жаңартылған қаулысын назарларыңызға ұсынамыз.
1. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 5 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақтың 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) отырғызу орындарының саны бойынша толымдылығы, барлық есіктерді ашу, жолаушыларды қоғамдық көлікке қорғаныш маскаларынсыз жібермеу, соңғы аялдамада дезинфекциялау құралдарымен міндетті түрде өңдеу, уақыт бойынша шектеусіз, қалалық қоғамдық көліктің ең көп саны бар жолға шығуына рұқсат беру»;
2) 1-тармақтың 11-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, кальян, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), банкет залдарының, букмекерлік кеңселердің қызметін тоқтата тұру»;
3) 1-тармақтың 12-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) фудкорттардың жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат беру»;
4) 1-тармақты келесі редакциядағы 12-1 тармақшамен толықтырылсын:
«12-1) кинотеатрлардың, театрлардың отырғызу орындары санының 20%-ынан аспайтын, көрермендерді қатардың ұзындығы бойынша екі кресло арқылы және қатарлар арасында шахмат тәртібімен күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтай отырып, акциялар өткізбей, жұмыс істеуіне рұқсат беру»;
5) 1-тармақтың 13-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«13) мәдениет объектілеріне 30 адамнан аспайтын жеке және топтық дайындықтар өткізуге рұқсат етілсін»;
6) 1-тармақтың 16-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, оның ішінде қала сыртындағы жол бойындағы сервистің қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне рұқсат беру, толтырылуы 50% – дан аспайтын және бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілер болған жағдайда, 1 үстелде 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, сағат 07:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс режимін белгілей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізілмей, ҚР МБСДҚ № 67 талаптарын сақтай отырып. Сағат 24:00-ден кейін тек алып кетуге және жеткізуге рұқсат етіледі»;
7) 1-тармақтың 18-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«18) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30%-дан аспайтын және кемінде 4 шаршы метр толтырылатын азық-түлік емес тауарларды, сауда кешендерін, сауда үйлерін, сауда желілерін, азық-түлік емес дүкендерді сату бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беру. Ойын-сауық аймақтарының жұмысына рұқсат етілмейді.
Бұл ретте ауданы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық – түлік дүкендерін, дәріханаларды, олардағы кинотеатрларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күні тоқтатыла тұрсын»;
8) 1-тармақтың 36-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«36) косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, сұлулық салондары, орталықтар мен салондар, маникюр және педикюр қызметтері, массаж салондары, солярийлер қызметіне алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге 4 ш. м. есебінен рұқсат беру»;
9) 1-тармақтың 37-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) жұмыс кестесін сағат 07:00-ден 22:00-ге дейін белгілей отырып, бір келушіге 30% – дан аспайтын және кемінде 5 ш. м. толтырылуын қамтамасыз ету кезінде жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтар, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат беру»;