Өндірісте өсім бар
Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен кеңес өтті. Жиын барысында осы жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды."Есепті кезеңде облыста өнеркәсіп өндірісінің 8,1%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің 13,5%-ға, тұрғын үйді пайдалануға берудің 25,5%-ға, құрылыс жұмыстарының 6,0%-ға, бөлшек сауданың 5,0%-ға, көтерме сауданың 4,3%-ға өскені байқалады. Шағын және орта бизнеске келетін болсақ, пандемияға қарамастан, жұмыс істеп тұрған субъектілер санының 5,4%-ға артқаны көрінді. Өнім шығару 20,6%-ға ұлғайып, табыс 586,6 млрд теңгеге тең болды", – деп жазады облыс әкімі.
Сондай-ақ, он ай көлемінде облыс экономикасына 11,0% өсіммен 306,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Құйылған инвестиция өнеркәсіптің базалық салаларында, ауыл шаруашылығында 27,2%-ға және өнеркәсіпте 16,7%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 98,3%-ға ұлғайғанын атап өтті аймақ басшысы.
А.Мұхамбетов кеңес қорытындысында қала мен аудан әкімдеріне, облыстық басқармалардың басшыларына негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.