Пандемия кезіндегі аймақтық журналистік білім
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Қостанай» аймақтық теледидарының құрылуы 30 жыл толуына және А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Журналистика» мамандығының 25 жылдығына орай «Covid 19 жағдайындағы аймақтық журналистік білім» тақырыбында халықаралық деңгейдегі дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге қатысуға журналистика бойынша білім беру бағдарламалары бар Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері шақырылды. Атап айтар болсақ: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Айсұлу Шайкенова, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің журналистика және коммуникация менеджменті кафедрасының көптен бергі серіктесі – Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Челябі қ.) журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Людмила Шестеркина.
Дөңгелек үстелге қатысушылар Covid 19 пандемиясы кезіндегі онлайн-оқыту жағдайында БАҚ мамандарын даярлау мәселелері туралы сөз қозғады. Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Челябі қ.) журналистика, жарнама және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Людмила Шестеркина пандемия жағдайындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар олар онлайн форматта оқып жатқан студенттер үшін жазғы практиканы ұйымдастыру және журналистика мамандығына түсетін талапкерлерге шығармашылық емтихан өткізудің жаңа тәсілдеріне тоқталды.
Ғалымдар бір ауыздан: онлайн-оқыту форматы оқу процесін өзгертуге себеп емес, барлық сабақтар оқу жоспарына сәйкес өтуі керек, ал журналистика мамандығының студенттеріне қойылатын талаптар өзгеріссіз, теориялық біліммен қоса, олар практикалық дағдыларды меңгеруі қажет,- деген тоқтамға келді. Осы талапқа сәйкес, ҚӨУ-нің студенттеріне арналған кәсіби-шығармашылық тәжірибе дәстүрлі форматта өтеді, яғни болашақ журналистер өздерінің кәсіби шеберліктерін редакцияларда шыңдайтын болады. Студенттердің шығармашылғын ұштау, тәжірибе жинақтауы үшін кафедра оқытушылары тәжірибелі журналистермен белсенді ынтымақтастық орнатты. Бұл туралы тәжірибелі журналистер, облыстық «Қостанай» телерадиокомпаниясының директоры Ербол Ипбергенов, облыстық «Қостанай таңы» газетінің бас редакторы Жанұзақ Аязбеков, «Костанайские новости» облыстық газетінің бас редакторы Олег Гурский де болашақ журналистердің маман болып қалыптасуы үшін тәжірибе керек деген ортақ ой атты.
Онлайн-дөңгелек үстелге бүгінде Қазақстанның және Ресейдің әр түкпірінде жұмыс істейтін КӨУ журналистика кафедрасының түлектері қосылды. Олар да медиа білімнің қажеттілігі туралы айтты.
А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің медиа-қызметі.