27 ауылдың атауы өзгереді

Қостанай ауданы тұрғындарының өтініші бойынша, ауыл атауларын қазақшалауға арналған жиын өтеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ауыл тұрғындарының өтініштері негізінде Семенов және Борис-Романов ауылдарының атауы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Қайрат Ахметов мәлім етті. кайрат ахметМемлекет басшысының 2017 жылғы 28 ақпандағы тапсырмасына сәйкес, Қостанай облысында идеологиялық тұрғыда ескірген ауыл атауларын өзгерту бастамалары қолға алына бастады. Айта кетейік, бүгінгі күні Қостанай ауданына қарасты 53 елді мекен бар. Оның небәрі 14-і ғана мемлекеттік тілде аталады. Арнайы комиссия 27 ауылдың атауы идеологиялық тұрғыда ескірген деп таныды. Алдағы уақытта олар қайта аталуы мүмкін. Комиссия мүшелері аудандағы тағы 12 ауылдың атауының мағыналық маңызы жоқ деп шешті.
«Ұжымдық өтініш бойынша Семенов ауылын Қостұмар деп атау туралы ұсыныс түсті. Сондай-ақ, Борис-Романов ауылын Павлов деп атау ұсынылды. Кеңес Одағының батыры Павловты барлығы біледі деп ойлаймын. Осыған дейін Заречный кентіндегі мектепке Ахмет Байтұрсынов есімі берілген еді. Давыденов ауылы енді Еңбек деп аталады», – деді аудан әкімі.
Жоғарыда аталған екі ауылдың атауын өзгерту туралы 17 қарашада жиын өтеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓