Жүгенсіз жүргізуші құрықталды

Қостанай облысында Ресей Федерациясының азаматы 184 рет жол ережесін бұзған. Тіпті, ол жалған сақтандыру полисімен көлік жүргізіп келген. Тәртіп бұзушының көлігі айып тұрағына қойылды.10 ақпанда облыстық ПД патрульдік полиция қызметкерлері –Арман Бектұрсынов пен Әділ Жақыпов Ресей Федерациясының 29 жастағы азаматының тізгініндегі "FORD Галакси" маркалы автокөлікті тоқтатты. Анықталғандай, 2020 жылғы 20 маусым мен 2021 жылғы 10 ақпан аралығында күдікті осы көлікпен жалпы сомасы 3 млн 566 мың 285 теңге болатын  жол-қозғалыс ережесін 184 рет бұзған. Ол оның бәрінде жылдамдықты асырып, құрылғы бақылауына іліккен. Сондай-ақ, жүргізуші жалған сақтандыру полисімен темір тұлпарды тақымдап жүріпті.
Автокөлік Қостанай қаласы әкімдігінің Мамандандырылған тұрағына қойылып, құқық бұзушыға мойнындағы айыппұлдарын төлеу қажеттігі туралы ескерту берілді. Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жалған сақтандыру полисін пайдаланғаны үшін материал жиналды.
Жалпы, 2021 жылдың бірінші айында "Автоураган" АӨК шет мемлекеттерінің көлік құралдарына қатысты 1 676 ереже бұзушылық тіркеліпті, оның ішінде жалпы сомасы 10 млн 209 мың 500 теңгеге 700 нұсқама рәсімделген. Оның ішінде, 976 бұзушылық – белгіленбеген көлік құралдарына қатысты, Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірлік белгілері бар көлік құралдарына қатысты тәртіпсіздік саны – 900, Армения Республикасының көліктеріне қатысты 20 және Қырғызстан Республикасы машиналарына қатысты 56 бұзушылық тіркелген.
Әкімшілік тәжірибе бөлімі жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, белгіленбеген көлік құралдарын (сақтандыру полисінсіз) "Автоураган-іздестіру" жүйесіне аталған автомобильдерді арнайы тұраққа қою арқылы ұстау үшін енгізу жұмыстарын ұйымдастырды.
Сақтандыру құжатынсыз көлік жүргізген жеке тұлғалар 10 АЕК (29 170) көлемінде айппұл арқалайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓