80 адам сырқаттанды

8 ақпында Қостанай облысында 80 адамнан коронавирус табылды.
​Атап айтқанда, Қостанай қ. 40 тұрғыны, Рудный қ.-8, Қостанай ауданы – 8,  Жітіқара қ., Федоров ауданының тұрғындары арасында 5 жағдай, Меңдіқара, Майлин атындағы ауданы – 4 жағдай, Әулиекөл ауданы – 3, Арқалық қ. – 2, Денисов ауданында 1 адамнан індет табылды.
59 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде , 19 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 63 адамда ауру белгілері болды, 17 адамға симптомсыз түрі тән. 
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 8 ақпан аралығында COVID-19-ды  10972  адам жұқтырған.
Емделіп шыққан адамдар саны – 9416.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓