Киімдері есінде қалған
Қостанай қаласының тұрғыны Алмат Нұрмағамбетов облыстық Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетовтің атына алғыс жазды.38 жастағы ер адам ұрланған телефонын тауып бергені үшін Қостанай қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Жәбірленушінің айтуынша, 6 ақпанда түнгі сағат екілер шамасында белгісіз екі ер адам оған дене жарақатын салып, ұялы телефонын, банк картасын және бірнеше кілтті алып кеткен. Сол сәтте Алмат қаскүнемдердің қара және көк түсті киім кигенін ғана есте сақтап қалған.
Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері Дулат Төлебаев пен Ерлан Молбаев екі күдіктіні ұстаған, жәбірленуші оларды бірден таныды.
Осыдан кейін тәртіп сақшылары күдіктілерді құрықтап, телеофонды жәбірленушіге қайтарды.
Ер адам полицейлерге жеделдігі мен кәсібилігі үшін алғыс айтты.