Көне дәуірдің жаңа жәдігерлері
Қостанай археологтары Қаратомар қорғанын зерттеп келді. Нәтижесінде жаңа олжалар табылды. Бұл туралы alau.kz тілшісі жазады.
А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ археологиялық зертханасының жетекшісі Андрей Логвиннің тобы бір ай бойы Қаратомар қорғанында қазба жұмыстарымен айналысып, қола дәуірінде жерленген бірнеше баланың сүйегін тапты.
Балалар мәйіті айтарлықтай жиі кездеседі, бірақ осы жолғы ерекшелігі олардың санының көптігі болды. Бір қорғанның астынан қазып алынған бірнеше сүйектің қасынан керамикалық ыдыстар мен қола бұйымдар табылды.
Археологиялық зертхананың қызметкерлерінің алдында табылған заттардың сырын білу үшін жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары тұр. Бұл үшін олар шетелдік мамандарды шақырмақ.
"Олар Челябі немесе Екатеринбургтен шақыртылады. "Қола" бойынша Түмен облысының мамандарына жүгінбекпіз. Олар өз істерінің шеберлері, осы тақырыптарға қатысты көптеген жарияланымдары бар. Біз бұл мамандармен көптен бері әріптеспіз деуге болады. Олардың есімдері ғылым әлемінде кеңінен танымал", – дейді Андрей Логвин.
Археологтар қоладан жасалған пышақ, асық, білезік, атқа арналған тараққа ұқсас бұйым және басқа жәдігерлер тапты. Қазба олжаларының нақты саны әлі белгісіз. Тағы бір жәдігер – тоздан (қабық) жасалған ыдыс. Мұндай ыдыс дәл осы қорғаннан былтыр да табылған еді. Бірақ бұл артефакт әбден шіріп, жидуге айналған.
Заттар зерттеліп болған соң өлкетану музейіне тапсырылады. Қостанайлық археологтар келесі экспедицияға алдағы жазда бармақ.

Сурет alau.kz сайтынан алынды