Пошта тарихынан сыр шертетін музей
Қостанайдағы орталық пошта ғимаратынан музей ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісіне сілтеме жасап BAQ .KZ сайты хабарлады.
Музей «Қазпоштаның» облыс орталығындағы ғимаратында ашылды. Мұнда поштаның өткен тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлер қойылған. Мәселен, ескі мөр, штамп, сүргішпен бекітілген конверттер, сүргішке басылған мөрлер, кофе түстес сүргіштің кесектері аға ұрпақ өкілдерінің көзіне оттай басылды.
Музейдегі құнды жәдіргерлердің бірі почтальон, Социалистік Еңбек Ері Бизада Жиенғазинаның газет салатын сөмкесі, орден, медальдер тағылған қара костьюмі, көптеген фото-суреттері болып отыр.
Бизада апайды қостанайлықтар жақсы білді, ол Кеңес Одағы бойынша осындай жоғары атаққа ие болған жалғыз пошташы. Музейден өзге де пошта қызметкерлері туралы суреттер мен мәліметтер білуге болады.
Сонымен қатар келушілер музейден Кеңес одағы кезіндегі және Тәуелсіз Қазақстан маркаларын да қызықтай алады.