Спорт кешені салынуда

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының аясында Торғай кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы салынып жатыр. Заманауи нысанды салып шығуға қазынадан 548 млн теңге бөлінген. Жаңа нысанның жұмыстарын қолға алған «Алюминстрой» ЖШС қазірдің өзінде құрылыстың 40%-ін аяқтаған. Пандемияға байланысты шектеу шаралары кедергі келтірмесе денешынықтыру-сауықтыру кешені үстіміздегі жылы тамызда ел игілігіне берілмек. Жалпы, шалғай өңірде бұқаралық спортты дамытуға көп көңіл бөлініп келеді. Мәселен, салынғалы бері жөндеу көрмеген «Топжарған» стадионы өткен жылы су жаңа кейіпке енді. Биыл оның қатарына денешынықтыру-сауықтыру кешені қосылмақ. Мұнда жастардың бос уақытында спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалады. Оның сыртында ойын залдары іске қосылмақ. Нысан пайдалануға берілгенде қосымша он бес адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓