Кездесу онлайн өтеді

Есеп беру кездесуі Instagram, YouTube әлеуметтік желілерінде, Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында және «Алау» телеарнасында көрсетілетін болады.
Есеп беру кездесуі өтетін күні сұрақтар мен ұсыныстарды ZOOM сервисі (қатысу үшін сілтеме Қостанай облысы әкімінің ресми интернет-ресурсында орналасқан) және онлайн трансляция кезінде нөмірлері көрсетілетін колл-орталық арқылы қоюға болады.
Сонымен қатар, есеп беру кездесуіне дайындық шеңберінде облыс әкімінің блогына – blogs.egov.kz, облыс әкімінің Instagram-дағы жеке аккаунтына, 8 (7142) 575-057 телефоны және 917 нөмірі арқылы смс-орталығында облыс тұрғындарынан сұрақтар қабылдау жүзеге асырылып жатыр. Сұрақтар мен ұсыныстар ағымдағы жылдың 10 ақпанына дейін қабылданатын болады. Сондай-ақ, оларды «есеп беру кездесуіне» деген белгімен жазбаша түрде мына мекенжайға жіберуге болады: 110001, Қостанай қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 66.