Оңалту орталығы жаңа кейіпте
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мүгедектерге арналған «Дружба» облыстық оңалту орталығында болып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталмыш орталықтың ғимараты 1987 жылы салынған. Ал оңалту орталығы ретінде жұмысын 2008 жылдан бастаған. Осы жылдар ішінде еш жөндеу көрмеген ғимараттың жағдайы сын көтермейтін. Жылына мыңға жуық мүгедекті қабылдап, ем көрсететін орталықтың іші кеңейіп, енді ем алушыларды артығымен қабылдай алады. Ем алу түрлері де артады.
Былтырғы жылы басталып кеткен жөндеу жұмыстарына 728 млн теңге бөлінген. Қарағандылық мердігерлер жұмысты толығымен қыркүйек айында аяқтап, қолданысқа бермек. Облыс әкімі жөндеу жұмыстарының толыққанды аяқталып, сапалы болуын тапсырды.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев