Жекпе-жек кейінге шегерілді

Қазақстандық боксшы Иван Дычко үшінші жекпе-жегін жоспарланған күннен бір апта кеш өткізеді.
Кесте бойынша Дычко 1 желтоқсанда Тампта (АҚШ, Флорида штаты) америкалық Ламарко Эллиспен кездесуі тиіс еді, бірақ бұл кездесу өтпейтін болды. Келесі жекпе-жегін Дычко 8 желтоқсанда өткізеді. Оның қарсыласы тәжірибелі америкалық Джамал Вудс болмақ (13-38-7, 10 КО).
Кейін Иван рингке 16 желтоқсанда шығуды жоспарлап отыр. Алайда, қарсыласы әзірше белгісіз.  Екі жекпе-жек те АҚШ-та өтеді деп жоспарланған. 
Соңғы екі Олимпиада ойындарында қола медаль алған 27 жастағы Дычко кәсіпқой боксқа 2017 жылы ауысқан. Ол 29 қыркүйекте АҚШ-та дебют жасаған, ал 13 қазанда екінші кездесуін өткізіп үлгерген. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓