Жатақхана жөнделеді
Биыл Рудный қаласында Ыбырай Алтынсарин атындағы әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің жатақханасы күрделі жөндеуден өтеді. Оған облыстық бюджеттен 58,8 миллион теңге қаралып отыр.Сексен жылдық тарихы бар оқу орнының жатақханасы 1982 жылы ашылған. Содан бері бірнеше ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, іші-сыртын түгелдей жаңалаудың мүмкіндігі келмеген.
«Жатақханамыздың қазіргі жағдайы онша емес. 2020 жылы ғимаратты күрделі жөндеу жөнінде жобалау-сметалық құжаттамасын әзірледік. Техникалық тексеру бойынша қорытынды және күрделі жөндеуге рұқсат беру туралы әкімдіктің қаулысы алынды. Соңғы шешімді жақында облыстық мәслихат депутаттары қабылдады», – деді колледж директоры Жомарт Құсайын.
Жатақхана 180 орынға есептелген. Бірақ, бірқатар студенттер практикаға жіберілетіндіктен, 150 адам ғана тұрады. Сонымен қатар, ғимараттың бір бөлігі Жасөспірімдер үйіне беріліп отыр.
1940 жылы Боровской қазақ орта мектебінің базасында Меңдіқара педучилищесі құрылған. Бүгінде ол – Қазақстанның және Қостанай облысының көне оқу орындарының бірі болып отырған Ыбырай Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі.