Егіс алқаптары ұлғаяды
Облыста. Биылғы жылы облысымызда жазғы егіс алқабы 17 мың гектарға ұлғаяды. Астықты аймақ жоспар бойынша жалпы көлемі 4,7 млн гектар жерге дән сеппек. Жерді әртараптандыру мақсатында өңір дихандары майлы дақылдар мен жем-шөп алқаптарының көлемін арттыруды көздеп отыр. Аймақта дәнді-бұршақты және жарма дақылдарының көлемі де 26 мың гектарға, жем-шөп азығына арналған алқап 22 мың гектарға артады деп күтілуде.