Вакцинация: процесс камераға жазылады

Қазақстанда вакцинация процесі видеоға түсіріледі. Коронавирусқа қарсы вакцина салатын арнайы процедуралық бөлмелерде камералар қойылады. Олар қалалық және аудандық ауруханаларда ашылады, – деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 
Телеарна мәліметінше, екпе салынатын адамды дәрігер қарап шыққаннан кейін оған коронавирусқа қарсы вакцина камера алдында салынады. Процедуралық бөлмелерде бақылау аймағы және шұғыл медициналық көмек аймағы қарастырылған.
Еске салайық, Қазақстанда жаппай вакцинация 1 ақпанда басталады. 
Бірінші кезекте ресейлік вакцина салынады. Ал қазақстандық вакцинаны кейінірек салу жоспарланған. Бүгінде ол клиникалық сынақтың үшінші кезеңінде. 
Кеше премьер-министр Асқар Мамин жаппай вакцинация бойынша тапсырма берген болатын. Сонымен қатар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын айтты. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓