Елбасы марапатына ие болды

«Nur Otan» партиясының үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан 18 мыңнан астам белсенді мен партия жақтасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  алғыс хатына ие болды.  
Марапатталғандардың  70%-дан астамы – аудан мен шағын қалалардың тұрғыны болса, 36%-ы – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатарында Қостанай облысының белсенділері де бар. Облыс бойынша жалпы 1000-ға жуық адам марапатқа ие болады. Олардың 200-ге жуығы «Jas Otan» ЖҚ белсенділері. Жиналған қауым алдында сөз сөйлеген «Nur Otan»  партиясының Қостанай облыстық филиалы төрағасы Эльдар Күзенбаев әрбір азаматқа алғысын білдіріп, құттықтады.
–Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өткен сайлау барысында «Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқаны үшін 18 мыңнан астам белсенді мен партия жақтастарына алғыс хаттар жолдады. Партияның жеңіске жетуіне жас белсенділеріміз үлкен үлес қосты. «Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 2000 мыңға жуық үй мен пәтерді аралап, 1000-ға жуық үгіт материалын таратты. Дегенмен, бұл үлкен жолдың басы әлі де бағындырар белестеріміз жетерлік. Халыққа берген уәделерімізді орындау міндеті тұр. Осы ретте біз бірігіп әлі де талай жұмыс атқаратынымызға сенімдімін. Өңірдерде қоғамдық қабылдау бөлмелері қарқынды жұмыс істеп, оларға 3000 мың өтініш түсті. Біздің кандидаттарымыз бен сенім білдірген тұлғаларымыз  1000-нан  астам адамды қабылдады. Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы тұсында қол жеткізген бұл айқын жеңіс елдің тұрақты даму бағдарын жақтайтынын көрсетіп отыр, – деді Эльдар Қонысбайұлы.
Шара соңында сөз сөйлеген жастар  Елбасыға алғысын білдіріп, алдағы уаққытта еліміз үшін  талмай еңбек етуге дайын екендерін айтты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓