Егіннің 36% жиналды

Облыс диқандары табиғаттың жайма-шуақ мезгілін тиімді пайдаланып қалуға тырысып-ақ жатыр. Облыстық ауылшаруашылық басқармасының берген мәліметтеріне қарағанда, өңірде астықтың  36%-ы жиналыпты. Сонымен, күні бүгінге дейін 1 млн 375 мың гектардың егіні орылды. Мамандардың айтуынша, дала жұмыстары қазан айының орта шеніне дейін жалғасуы мүмкін. Тек жауын жаумаса болды.

егін

-Ылғалдың мол түсуінен бидай пісіп үлгермей жатыр. Оның үстіне биыл тұқым кеш себілді,-дейді облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім бастығы Сәлімжан Есенаманов,- ауа-райын болжау орталығы қыркүйек айында жауын-шашын қалыпты мөлшерден аспауы тиіс дегенді айтады.
       Әзірге астық түсімі орташа есеппен алғанда гектарына  8,4 центнерге тең. Егер солтүстік аудандарда орақ науқаны қалыпты айналысқа түссе, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін.
Айбек КӘДІРҰЛЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓