Өнерсүйер қауым үшін!

Қазақстан театрларының афишасы ілінген ticketon.kz сайты қостанайлықтар үшін де қолжетімді. Енді өзіңізге ұнаған қойылымдардың ішінен біреуін таңдап, тез арада, еш әлексіз ғаламтор арқылы билетке тапсырыс бере аласыз. Бұл сервис сізге үйіңізден және жұмыс орыныңыздан шықпай, театрдің репертуарымен, әр-түрлі топтардың қойылымдарымен танысуыңызға мүмкіндік береді.тикетон
«Сүйінші! Қостанай облысының мәдениет мекемелері электрондық билет саудасына қадам басты! Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының концерттеріне билетті енді ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады. Жуырда Қазақ ұлт аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Кеш қонағы – Береке Енкебаева! Жіберіп алмаңыздар! Сонымен қатар сайт арқылы Қостанай облыстық қуыршақ театрына да билет сатып ала аласыз» – деп жазды облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, жақында облыстық мәдениет басқармасы тағы бір жаңалығымен қуантты. Басқарманың қолдауымен атақты Disney мен Pixar компаниялары ұсынған «Коконың құпиясы» деп аталатын анимациялық фильмнің қазақ тіліндегі көрсетілімі өтті.
 
Қ.Боранбайұлы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓