COVID-19: +137
24 қаңтарда Қостанай облысында 137 адамнан коронавирус табылды. Тәулік ішіндегі сырқаттанушылықтың өсу қарқыны – 1,4 %.
Індетке Қостанай қ. 73 адам, Рудный қ. – 18, Лисаков қ. – 7, Қостанай ауданында – 7, Жітіқара қ., Алтынсарин, Қарасу, Майлин атындағы аудандарда 6 адамнан, Меңдіқара ауданында – 4, Денисов ауданында – 3, Әулиекөл ауданында –1 адам шалдыққан.
122 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 10 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 5 адам стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 118 адамда ауру белгілері болды, 19 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуір мен 2021 жылғы 24 қаңтар аралығында COVID-19-ды 9487 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 8055.