Жөндеу жұмыстары басталды
Көктем шыққалы облыста жол жөндеу жұмыстары қыза бастады. Өйткені, өңірдегі көлік жолдарының 25% әбден тозған. Әсіресе, шалғай ауылдарға апаратын көлік дәліздері көптен жаңартылмаған.
Мәселен, Ұзынкөл мен Ряжск Ұзынкөл мен Ряжск ауылдарының арасындағы 15 шақырым жол 40 жылдан бері жөндеу көрмеген еді.
«Облыстық бюджеттен қаржыландыру болса, орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге 450 миллион теңге қажет. Құжаттарды былтыр дайындағанбыз. Әзірге нақты қаражат бөлінгенше, ағымдағы жөндеу жасай тұрамыз»,-дейді Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Талғат Сақтағанов.
Биыл бұл жолдың алты шақырымы қалпына келтірілмек. Қосымша қаржы бөлінсе, тағы отыз шақырымын жөндеу көзделген.
«Жалпы, Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 9,2 млрд теңге бөлінді. Сол орташа жөндеумен 16 нысанды жоспарлап отырмыз. Соның ішінде Әулиекөл-Жалдама тас жолының 125 шақырымы жөнделеді. Ол 1 қарашаға дейін аяқталуға тиіс»,-дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Болат Сейдахметов.
Биыл облыс бойынша көлік жолдарының екі проценті ғана жаңартылды. Бұл, шамамен, 182 шақырымға тең.