ҰБТ – түлектер үміті
Қазақстанда Ұлттық біріңғай тестілеу басталды. Білім сынағына қостанайлық түлектер де кірісті. Қостанай қаласында 1149 түлектің 712-сі ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
Облыс орталығының түлектері тестілеуден 20-24 қаңтар аралығында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨМУ жаныдағы ҰБТ базасында өтетін болады. Сынақ 5 ақпанға дейін жалғасады.
Тест тапсыруға өтінім берген түлектердің 276-сы қазақ тілінде, 436-сы орыс тілінде білімдерін сынға салады.
Қостанай қаласы білім басқармасының мәліметінше, тестілеу өткен жылдың форматы бойынша өткізіледі.
Тестілеу, әдеттегідей, 5 пән бойынша өтеді: 3 міндетті және таңдаған мамандығына байланысты 2 бейінді пән. Барлығы 120 тест тапсырмасы беріледі, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша 15 сұрақ, математикалық сауаттылық бойынша 15 сұрақ, оқу сауаттылығы бойынша 20 сұрақ және бейінді пәндерде 35 тапсырмадан болады. Сынақтан өтуге 4 сағат (240 минут) беріледі. Түлектердің 140 балл жинау мүмкіндігі бар.
Тестілеуге кірер алдында талапкерлер мен комиссия мүшелерінің температурасы өлшенеді. Сондай-ақ ғимарат кіреберісіне санитайзерлер, дезинфекциялық тоннель орнатылған. Маска режимі де қатаң қадағаланады.
Ауыз су қолжетімді жерде болады, бірақ бір пайдаланған ыдысты екінші рет тұтынуға болмайды. Аудитория есіктеріне тазалық жүргізіліп, кабинет ылғалдандырылып отырады.
Тестілеу барысында қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталып, аудитория сыйымдылығына байланысты адамдар саны 50%-ға қысқартылды.