Жалған қоңырау әбігері

Полицейлер Қостанай қаласының Лермонтов көшесіндегі жарылыс болуы ықтимал ғимаратқа дереу жеткен.

Бүгін сағат 15.05 кезінде Полицияның оңтүстік бөліміне беймәлік ер адам қоңырау шалып, Лермонтов көшесіндегі 18-үйге (тұрғын үйге айналдырылған бұрынғы балабақша) жарылғыш зат қойылғанын айтқан. Аталған мекенжайға арнайы қызмет шұғыл жетіп, ақпараттың жалған-шынын тексерді. Сондай-ақ ізкесушілер де жұмылдырылды. Үйдің 18 тұрғыны ғимараттан тысқа уақытша шығарылды.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, тыңғылықты тексерістен өткен үйден жарылғыш зат табылған жоқ. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат берген күдіктіні іздестіруде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓