Конституция – кемел келешек кепілі

Тәуелсіз әрі жасампаз мемлекет болудың басты шарты – азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын Конституциясының болуы. Заң үстемдігі бұлжымайтын елде ғана халық мамыражай өмір сүріп, Отанының дамуы мен гүлденуі жолында алаңсыз қызмет етпек. Ең бастысы, заң адамдарды алалап қарамауы тиіс. Бұл туралы 2-бапта: "Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды", – делінеді. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде бейберекеттікке жол беріліп жатқан жоқ деп ойлаймын. Өйткені өз ішіміздегі бейбітшілік, ынтымақ пен келісім, бірлік пен жарасым – бәрі де құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқанымыздың белгісі.  Сондықтан Ата заңымыз барда, оның әділдігі сақталған жерде Қазақстан халқы қорғансыздың күнін кешпейді, биікке өрлеп-төстейді деп сенеміз.
Баршаңызды Конституциямыздың 26-шы мерекесімен шын пейілмен құттықтағым келеді. Елімізге ырыс-құт пен тыныштық, асқақ абырой, жарқын келешек тілеймін!
Мәлік Нұрғалиев,
күйші,
Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық
филармониясының қызметкері

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓