ҚЫДЫРЫСТАН КОВИДПЕН ОРАЛДЫ
Мысырдан ПТР-анықтамасыз келген төрт қостанайлықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Жалпы, Шарм-эль-Шейхтен барлығы 247 жолаушы ұшып келгенін айта кеткен жөн.
"ПТР-талдау нәтижелері бойынша, 2021 жылдың 9 қаңтарында Қазақстанға ұшып келген 247 азаматтың ішінен Шарм-эль – Шейх – Қостанай рейсімен келген төрт жолаушыдан КВИ анықталды", – делінген Қазақстандағы коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарламасында.
10 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстаннан 23 халықаралық әуе рейсі келді.
"2 655 авиажолаушының 2283-і ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар, анықтамасыз ҚР 372 азаматы келді. Оның ішінде: Алматы әуежайына 12 рейспен 1531 жолаушы ұшып келді, оның 156-ның анықтамасы болмаған, Нұр-сұлтан әуежайына 11 рейспен келген 1124 жолаушының 216-сы анықтамасыз. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары covid-19-ға ПТР – талдау әдісімен тестіленді. Қазіргі уақытта олар карантиндік стационарда талдау нәтижелерін күтуде", – дейді ведомствоаралық комиссия өкілдері.