Шетелдік көліктерді сақтандыруға тыйым салынады

12 қаңтардан бастап елімізде шетелден әкелінген көліктерді сақтандыруға тыйым салынады. Бұл туралы Kolesa.kz жазды.
Енді ел тұрғындары басқа мемлекетте тіркелген автомобильді сақтандыру полисі арқылы жүргізе алмайды. Бірақ 12 қаңтарға дейін рәсімделген полистер мерзімі аяқталғанша жарамды болады,— делінген жазбада.
Президент Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңға қол қойды. Ол биыл 12 қаңтарда күшіне енеді. Оның ішінде көлік иелерін міндетті сақтандыру және "Жол жүрісі туралы" заңдарға енген өзгерістер де бар.
"Жол жүрісі туралы" заңға да өзгеріс еніп, ол бойынша шетел азаматы немесе біздің елде азаматтығы жоқ кісі жүргізетін, Қазақстаннан тыс жерде тұратын тұлғаға тиесілі, елімізде тіркелмеген және уақытша кірген автомобиль халықаралық қозғалыстағы көлік деп танылатын болады", — делінген жазбада.
Мұндай машина бір жылға дейін біздің елде еркін жүре алады, одан кейін 30 күнге елден шығарылып, қайта кіргізуге болады екен.
Осылайша, 2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін алу үшін машина Қазақстанда есепте тұруға немесе шетелдіктің, не азаматтығы жоқ тұлғаның меншігінде болуға тиіс. Қазақстан азаматтары бөтен елде тіркелген машинаны сақтандыра алмайды. Яғни, Қазақстанның өзге азаматына сақтандыру арқылы сата да алмайды.
Ал транзиттік нөмір таққан көліктерді бұрынғыдай 10 күнге дейін сақтандыру жалғасады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓