«Ыбырай» станциясы: 7 мачта салынды

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Қостанай ауданында қуаттылығы 50 МВт болатын «Ыбырай» жел электр станциясының құрылысы барысын тексерді. Ол бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.оал2021-01-11_13-26-18"Бұл нысан жеке инвестициялар есебінен іске асырылуда. Жобамен әрқайсысының қуаты 3,2 МВт болатын 16 жел мачтасын салу көзделеді. Бүгінгі таңда 7 мачта орнатылды, сондай-ақ әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 2 қаңтарынан бастап 12 адам тартылған әкімшілік-тұрмыстық кешенде әрлеу жұмыстары қайта жанданды", – деп жазды А.Мұхамбетов.2021-01-11_13-26-35Облыс әкімі мәлімдегендей, нысанды 2021 жылдың шілдесіне пайдалануға беру жоспарланған. Ол жоспарланған барлық жұмыстарды уақытылы және сапалы аяқтауды тапсырды.2021-01-11_13-26-54

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓