«Еңбектің» ебін тапқандар

Өңірімізде нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті қолдаудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын несие алып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар аз емес. Әсіресе, мұндай бағдарламаға жастардың белсене қатысуы көңіл қуантады. Облыстық мәслихаттың бір топ депутаты Тобыл және Қостанай қалаларында мемлекеттің қолдауы арқылы шағын кәсіпті бастап кеткен бизнес иелерімен жолығып қайтты.IMG_20200226_142128
Тобыл қаласының тұрғыны Динара Құтжолова – жалғызбасты ана, екі бала тәрбиелеп отыр. Атаулы әлеуметтік көмек иесі 2017 жылы киімді сәндеп пішуші мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстан өткен. Былтыр «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқу курсынан өтіп, өзінің «Қыпшақ» атты ательесін ашып отыр.IMG_20200226_142506
Ал Тобыл қаласының орталығында дүкенін ашқан Данияр Әлім үшін бұл сала таңсық емес. Бұған дейін Заречный кентінде екі сауда нүктесін ашқан жас кәсіпкер бұл жолы Қостанай аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы 5 миллион теңге шағын несие алып, халыққа қызмет көрсетуді бастады. Дүкен сөрелерінде негізінен азық-түлік және тұрмыстық химия тауарлары саудалануда.IMG_20200226_144704
IMG_20200226_144323Қостанай қаласының Тәуелсіздік-Чехов көшелерінің қиылысындағы киім ательесінің ашылғанына жыл жарым уақыт өтті. Әйгерім Ысқақова жетекшілік ететін шеберхана 5 адамды жұмыспен қамтып отыр. Негізінен пальто, куртка, көйлек, костюм тігумен айналысатын ателье сән жағына ерекше мән береді. Бұдан бөлек, ұлттық киімдер тігуге де тапсырыс алады екен. Мата түрлері мен ине-жіпті көбіне Оңтүстік Корея, Түркия мемлекеттерінен және өзіміздің жергілікті жерден алады.IMG_20200226_151026
IMG_20200226_150645Айта кетейік, 28 ақпанда халық қалаулылары бұған дейін аралаған нысандардың қорытындысын шығару үшін тұрақты комиссияның отырысын өткізеді.
Қ.Қиысхан

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓