Кеншілер жалақысы өседі

Қаңтардан бастап ERG компаниясының Қазақстандағы барлық кәсіпорындарындағы еңбекақы орта есеппен 10,4%-ға өседі. Компания бұл мақсатқа биыл 19,4 млрд теңге жұмсамақ.ERG жалақы
«2020 жыл ел экономикасы мен біздің компаниялар үшін де күрделі кезең болды. Соған қарамастан, біз қызметкерлеріміздің әл-ауқаты мен өмір сапасын арттыру қамындағы жұмысты үздіксіз жалғастыра береміз. Біз кәсіпорындарымыз орналасқан өңірлер мен жалпы Қазақстандағы еңбек нарығын зерттедік. Мамандар тапшылығы мен жиі жұмыс ауыстыру себептерін талдадық.
Бұдан бөлек, бірінші қажеттілік қатарына жататын тауарлар мен өнімдер бағасының қымбаттауын ескере отырып, біздің кәсіпорындарымыздағы қызметкерлердің еңбекақысын дифференциалды түрде ұлғайтатын болдық», – дейді ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич.
Еңбекақы мөлшерін ұлғайтуда алдымен өндірістің дамуына тірек болар, еңбек өнімділігі мен тиімділігін арттыратын технолог, маркшейдер, геодезист, геологсияқты мамандық иелеріне басымдық беріліп отыр.
Айта кетейік, ERG-дың Қостанай облысындағы кәсіпорындарының қатарына «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминий» АҚ филиалдары – Торғай және Краснооктябрь боксит кен орындары кіреді. Бұларда 20 мыңға тарта кенші жұмыс істейді.
Қуаныш Есқабыл

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓