COVID-19: +63

10 қаңтарда Қостанай облысында 63 адамнан коронавирус инфекциясы табылды.
Сырқатқа Қостанай қ. 26 адам, Рудный қ. – 15, Қостанай ауданында – 7, Лисаков қ. және Денисов ауданында 4 адамнан, Б.Майлин атындағы ауданда 3, Алтынсарин ауданында – 2, Жітіқара қ. мен Меңдіқара ауданында 1 адамнан шалдықты.
54 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 5 адам коронавирус инфекциясы расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 адам стационарға жатар алдында эпидқадағалау мақсатында, 1 адам профилактикалық мақсатта, "Қайрақ" автоөтпе арқылы мемлекеттік шекарадан өткен кезде тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 45 адамда ауру белгілері болды, 18 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 10 қаңтар аралығында COVID-19-ды  8168 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 7341.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓