Аймақ басшысына алғыс жолданды

"Қазақстан татарлары және башқұрттары Конгресі" Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тауфик Каримов облыс әкімі Архимед Мұхамбетовке Алғыс хат жолдады.
"Құрметті Архимед Бегежанұлы! Татарстан Республикасының Президенті Р.Н. Миннихановтың және ҚР барлық татар және башқұрт этномәдени орталықтары жетекшілерінің қатысуымен өткен жалпықазақстандық Сабантой мерекесінің өте жоғары деңгейде үйымдастырылуына байланысты  Қазақстан татарлары және башқұрттары Конгресі Сізге шынайы алғысын білдіреді.
Қостанай қаласында мейрам аясында өткен барлық іс-шаралар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқының бірлігі мен кемел келешегін көксеген саясатының салиқалы, даналығын кезекті рет куәландырғандай.
Мемлекет көшбасшысының Қостанай облысына жүктеген міндеттерін жүзеге асыру барысында Сізге толайым табыстар мен жемісті жетістіктер тілейміз!" – делінеді хатта.КТ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓