Екінші Еxit poll: Қай партия басым?

«Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы бойынша ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72% дауысын иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.images (1)
«Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Сауалнама қателігі 2,5 пайыз шамасында. «Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы мынадай:
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 пайыз;
«Nur Otan» партиясы – 72,0 пайыз;
«ADAL» саяси партиясы – 3,25 пайыз;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,2 пайыз;
«Қазақстанның Халық партиясы» – 9,54 пайыз.
Айта кетейік, бұған дейін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты жүргізген Еxit poll қорытындысы жарияланған болатын.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓