Сайлау тәртібі бұзылды
Қостанай қаласының тұрғыны өзі тіркелмеген сайлау учаскесінен дауыс берген. Мұндай ережебұзушылыққа жол берген комиссия мүшелеріне қолданылған шара туралы қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашко түсінік берді.
"Біз бұл материал бойынша тексеріс жүргіздік. Барлық деректер зерттелді. Сайлау туралы конституциялық заңға сәйкес , қалалық сайлау комиссиясы ның шешімімен сол учсакеге тіркелмеген сайлаушыға бюллетен берген учаскелік комиссия мүшелері науқан жұмысынан шығарылды. Сайлау бітіп, жәшік ашылғаннан кейін дауыстарды санау кезінде айыпкердің бюллетені есепке қосылмайды. Яғни ереже бұзушының парламент мәжілісі, облыстық және қалалық мәслихат үшін берген үш дауысы есептен шығарылады", – деді А.Малашко.