Көксейтініміз – келелі келешек

43322442-d5f4-4dbb-bc31-d6dc2d371bf7Бұл жолғы сайлаудың жөні ерекше. Өйткені осы саяси науқан Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесімен тұспа-тұс келіп отыр. Өз басым мұны жақсы ырымға балағым келеді. Қазақ әлмисақтан ертеңіне үміт артатын халық қой. Сондықтан елдің болашағының бақуатты болуына тағы бір табанды қадам жасалады деген сенімім бар. Соңғы саяси бетбұрыстар көңіліме қонып, көкейдегіні дөп басып жүр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси ұстанымдары, әлеуметке, экономикаға беріп отырған серпінді қолдаулары тәнті етеді. Ендеше оған тірек болатын партиялар мен халық қалаулылары ел көсегесін көгертер деп ойлаймын. Мұның бәрі мемлекетіміздің тегеурінді боларының емеурініндей көрінеді  маған. Осы себептен мен ел тағдыры үшін өз таңдауымды жасадым. Дарияға қосылған тамшыдай болса да, менің дауысым өз еліме деген сүйіспеншілікпен, мемлекеттің болашағына деген сеніммен жасалған қадам деп білемін. Оның үстіне, бұл – менің Қазақстан Республикасының азаматы ретіндегі конституциялық құқығым әрі борышым. Өз түсінігімде, халықтың қалауындағы, елдің елеуіндегі үміткерлер жеңімпаз атанады деген сенімдемін! 
 

Мақсат Таласов,
жас кәсіпкер

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓