Қостомарда – көлік кептелісі
Қостанай ауданының Қостомар және Айсары ауылдарының арасындағы тасжолдағы қардың биіктігі 150-200 сантиметрге жеткен. Салдарынан бірнеше шақырым көлік кептелісі пайда болды. Бұл туралы тілшіміз Қыдырбек Қиысхан оқиға орнынан хабарлады.
– Алматы-Екатеринбург республикалық автожолында кептелісте тұрып қалған көліктердің саны бірнеше жүзден асты. Қар тазалайтын екі ротор көлігі енді жетті. Қар құрсауының биіктігі кісі кеудесінен асып кетеді, – деді әріптесіміз телефон арқылы.
Басқа да ақпараттар туралы қосымша хабарлаймыз.