Облыс әкімі өз таңдауын жасады
Бүгінгі ел тарихындағы елеулі оқиға – ҚР Парламенті депутаттығына және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Саяси науқанға Қостанай облысының тұрғындары да белсенді қатысуда. Көппен бірге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов те қаладағы №1 мектептегі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Азаматтықміндетін өтегеннен кейін аймақ басшысы облыстағы даярлық жұмыстары жөнінде баяндап берді.




Бақылаушылардың айтуынша, облыста сайлау науқаны барысында ешқандай құқық бұзушылық тіркелмеген. Барлығы демократиялық талаптарға сай және карантин режимі қатаң қадағалауда ұсталып өткізілуде.




Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков