Жол жөндеу науқаны басталды

Көптен күткен жол жөндеу науқаны да кеп жетті. Бұған дейін жазғанымыздай, өңірімізде дәл қазір 60%-ға жуық жол жөндеуді қажет етіп тұр. Қала тұрғындарының тағы бір мәрте есіне сала кетейік, 21 сәуірден бастап Қостанай қаласы бойынша шұрық тесік болған жолдарды бітеу жұмыстары басталды. Бұған бірнеше мердігерлер тартылып, өз нысандарын белгілеп те алды.IMG_5190
«АБЗ+» ЖШС бригадасы өзіне бұйырған Баймағамбетов көшесі қиылысынан басталатын Таран көшесінің Үлкен көпірге дейінгі жолын жөндеуде. Ал, «ТрансМеталлСтрой» ЖШС-не Қайырбеков көшесі міндеттелді. Баймағамбетов көшесіне «ВАХКТСТРОЙ» ЖШС-нің жұмысшылары жұмылдырылса, Чернышевский көшесіне асфальт төсеуді «Арвис» ЖШС-нің мамандары атқармақ.
Былтырғы жылы жол жөндеу сапасының өте сапасыз болғандығы бұған дейін прокуратурада қаралып, ең негізгі көше Абай даңғылының да мәселесі талқыланған-ды. Енді бұл нысанға «Вескор» ЖШС жауап беретін болды. Олар арнайы асфальт төсеу машиналарын жұмылдыра отырып, ең негізгі көшенің тас жолын жамауды жақын арада бастап кетпек.
Қала әкімдігі баспасөз қызметінің берген мәліметіне сүйенсек, әзірге 48 арнайы техника және 70-ке жуық маман шығарылып отыр. Құзырлы органдардың тапсырмасын алған мердігерлер жұмыс күшін арттыра отырып, уақытында нысанды тапсырғысы келеді. Ең алдымен сапаға басты назар аударамыз деп отыр олар. Бұған бақылауды да әкімдік күшейте түспек.
Жаз уақытындағы жол жөндеу жұмысының көптігінен кейбір көшелердің уақытша жабылатындығын еске сала отырып, қала әкімдігі тұрғындардың бұған түсіністікпен қарауын, сабырлық сақтауын сұрайды.
Ал, қалған көшелерге жүргізілетін жол жөндеуді біз әлі де оқырмандарымызға хабарлап, ақпараттандырып отырамыз.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓