Ел келешегі балабақшадан басталады
Мына суретке қараңызшы. Кішкене балғындардың бәрі де бар ынта-зейінмен Әсия апайын тыңдап, түрлі-түсті суретше кітапқа үңіліп, айтқанын қайталап оқу үстінде.
– Биылғы жаңа оқу жылында мектебімізде қазақ тілінде мектеп алды орталық ашылды. Қазір бала саны он сегіз болғанымен күннен күнге толығып келеді. Ата-аналар өтініш айтып, білім бөліміне, әкімдікке барған-ды. Ата-аналардың өтінішіне түсіністік-пен қарап, осындай мектеп алды топтың ашылғанына қуанып отырмыз. Балғын балаларға білікті тәрбиеші-педагог Әсия апай Бердіғожина жетекшілік жасайды. Ол кісі тәжірибелі, білікті, жан-жақты білімді ұстаз. Мектебіміз орыс тілді, қазақ тіліндегі бастауыш төрт сыныбымыз бар. Енді осы мектеп алды даярлық топтың балдырғандары аманшылық болса, келесі жылы бірінші сыныптың оқушылары болады. Топқа қажетті жабдықтар мен оқу-құралдарын, қажетті көрнекіліктерді, кітапшалар мен ой-зеректігін дамытатын ойын құралды біртіндеп толықтыру үстіндеміз. Балаларымыз да зерек, өнегелі, тәрбиелі, тәртіпті болып өсіп келеді, – деді бізге мектеп директоры Сәуле Рахметова.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: Ұзынкөл селосындағы №1 орта мектебінің тәрбиеші-педагогы Әсия Бердіғожина кішкене балғындармен қызықты журналды оқып, қызықтау үстінде.
Суретті түсірген: Айбек ЖҮЗБАЙ.