Бейбіт өмір кепілі

Без названия (2)Отыз жылға таяу уақыт ішінде еліміздің еңсе көтеріп, мемлекетіміздің мерейі артқанына куә болып отырмыз. 130-дан аса ұлт өкілдерінің басын біріктірген Ұлы дала елі болып, Ата Заңымыздың қағидаттары төңірегіне топтастық. Ата Заң – еліміздің тұтастығы мен бірлігін айқындайтын, барша азаматтардың құқығы мен бостандығына кепіл беретін құжат. Ол елде бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды. Азаматтардың өмір сүруіне, білім алуына, қызмет етуіне және зейнеткерлікке шығып демалуына барлық жағдайлар қарастырылған. Тоғыз бөлімнен тұратын Ата Заңда еліміздің азаматтарына еліміз барлық бостандықтарын кепіл етеді. Конституция – бейбітшілік пен ынтымаққа, еркіндік пен теңдікке апаратын даңғыл жол. "Қазақстан – 2050" стратегиясында "жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі" атты сын-қатер туралы айтылған болатын. Бүгінгі таңда әлемде пандемия өршіп, шетелдерде азаматтық қақтығыстар болып жатқан кезде, біздің еліміз тыныш өмір сүріп жатыр. Бұл конституция қызметінің жетістігі деп айта аламыз. Жастарды тәрбиелеу ісінде де Конституцияның орны ерекше. Ол – жастарға ерік-жігер, рух пен жолдама беретін құжат. Кіріспесіндегі алғашқы әріптерінен бастап, ұрпақтар сабақтастығы, Республика игілігі және мемлекетіміздің одан әрі дамуындағы жастардың рөлі нақты көрсетілген. Сондықтан жастардың міндеті – Конституцияны жаттап алу емес, оны жан-тәнімен түсіну және рухани тану, түбінде жатқан мәнін түсіну. 
Абылайхан КАКЕНОВ, 
А.Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университетінің
баспасөз қызметінің басшысы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓