Жаңа жылдың Ақжолтайы!

АязбековЖүрекке жылы тиді, ойға қуат берді! Асықпай-аптықпай, байыппен оқып шыққаныңызда, өзіңіз өмір сүріп отырған елің үшін жүрегің елжіреп, сана-түйсігіңе бір ұлттық қордалы қорғасын ойлар легі құйыла береді. Қасым -Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ең алдымен, тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын үш ондыққа бөле саралап, қазақ халқының құндылықтарын сипаттап, түйіп айтып берді. Ондағы мақсат – қуатты елдің иесі, кемел халық болу. Бұл үшін ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру қажет. Бұл орайда Ел басшысы әділетті қоғам, тиімді мемлекет құруды көздейді.
«Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын», – дейді Президент.
Бұл шынайы шындық, еріксіз иланасыз. Мақалада Қ.Тоқаев халқымыздың жомарттығы, тіліміздің маржандай мөлдір тазалығы – қазақ халқының басты бақыты, береке-бірлігі екенін, қазақтың басты қорғаны, ділі – ана тілінің тазалығын сақтау, оны заманауи дамыту, шынайы мемлекеттік тілге айналдыру –ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін тап басып айтқан. Қоғамдағы әлдекімдердің түсінігіндей, тіл – қатынас құралы ғана емес, ұлттың тағдыршешті факторы! Қазақы намысыңды оятатын байламды сөздер! Ал ұлттық жад пен тарих – ерекше құндылықтар. Ұлттың келешек тағдырын айқындауда оның орны да ерекше. Ендеше әр ұлт өз тарихын бөтен идеология жетегінде емес, өз тарихын өзі жазуға тиіс. Бұл ретте тарихи зерттеулерді ұраншылдық пен даңғазасыз, таза ғылыми ұстаныммен жүргізген дұрыс дейді, мақала авторы. Бұл жерде Президентіміз тағы да бір шындықтың бетін ашып отыр. Әлі күнге дейін азат еліміздің ақиқат тарихы жазылған жоқ. Ал, енді, мына жолдарды толғанбай оқу мүмкін бе: «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Қазақ үшін тоқымдай жердің өзі қымбат, бір уыс топырақтың өзі алтын. Бірақ біз соны бағалай білеміз бе?! Жер қадірін білу жалаң ұранмен өлшенбейді. Өкінішке қарай, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз. Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес. Қасиетті жеріміздің киесінен қорықпай, жат жұрттың да қолы бармас әрекеттерді жасап отырып, қалайша осы мекеннің иесіміз деп кеуде соға аламыз», – деп ащы шындықты бүкпесіз келтіреді.
Мақаланың өн бойында ордабұзар отыз жасқа келгендерге, жалпы жастарға қарата айтылған түйдек-түйдек ойлар, білдірген үлкен сенім бар.
Тоқаев елде не істесе де, бәрін келер ұрпақ үшін істелетінін айқындай келе: «…әсіресе, жастарға айтарым: кең байтақ Қазақстанды асқақ армандарың мен батыл жоспарларыңды емін-еркін жүзеге асыра алатын, табысыңа марқайып, әрдайым тілеуіңді тілейтін қасиетті Отаның ретінде бағалаңдар! Мен жаңа Қазақстан патриотизмінің жасампаздық құдіретіне сенемін. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс.
Мақаладағы тұла бойыңды шымырлататын ой қайнары, сөз жоқ, аламан қазақ баласына балдай батып, судай сіңері анық

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓