Газдандыру мәселесі шешілді

Рудный қаласының 18 шағын ауданын газдандыру жұмыстары толығымен аяқталды. 2020 жылдың соңғы күндері көгілдір отынға бес абонент – аталмыш ауданның бес үйі қосылған. Бұл туралы қалалық әкімдік хабарлады.9be28f6310af68ea22117a840d4a11f1
2021 жылы қаңтар айының басында таңы 10 үй газ қостырды. Бұл ауданда барлығы 65 абонент бар. Мөлтек ауданды газдандыру жұмыстары 2019 жылы басталған. Жоба құны 31 млн теңгені құрады.
"Жұмыстарды 2020 жылдың соңына қарай тәмамдау жоспарланған. Бәрі ойымыздағыдай аяқталды. 2021 жылы Рудный қаласының тағы 6 шағын ауданын газдандыру жұмысын бастау көзделіп отыр. Атап айтқанда, 22,23,26,27,28 және 29 шағын аудандар көгілдір отын игілігін көрмек", – деп жазылды қалалық әкімдік хабарламасында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓