Ел ертеңі үшін дауыс бердім
Елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы заң талаптарына сай ұйымдастырылып, ойдағыдай өтті. Қостанайлықтар да сайлауға келіп, дауыс беріп белсенділік танытты. Мен де азаматтық борышымды орындап, бекітілген учаскеге барып өз таңдауымды жасадым.
Орталық сайлау комиссиясының қорытындысы бойынша дауыс берушілердің 81, 31%-ы Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдап дауыс берді. Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы жаңа кезең басталды. Президентіміз еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне бар күш жігерін салады деген сенімдемін. Алдағы уақытта ел болашағы үшін түрлі бағдарламалар мен жобалар іске қосылады деп ойлаймын.
Сайлау кезінде дауыс беруге асыққан жастардың да қатары көп болды. Жастарды елдің тағдыры шешілер мұндай маңызды іс-шараларға барынша тарту керек. Өйткені, еліміздің болашағы – жастар. Сол себепті, алдымызда салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Алға қойған барлық мақсатқа ел болып бірге жететінімізге сенімдімін. Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болғай. Ең бастысы, ел іргесі аман, жұртымыз тыныш болсын!
Абай ДҮЙСЕКОВ,
Қостанай облысы жастар ресурстық
орталығының директоры