Құрметпен шығарып салды

Үстіміздегі жылдың 1 қазаны күні еліміз бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутат сайлауы өткен болатын. Міне, осы саяси додада жеңіске жеткен Серік Бектұрғановты әріптестері құрметпен шығарып салды.
серикЖиын барысында облыс әкімі Н.Садуақасов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Укин, облыстық кәсіподақтар ұйымының төрайымы Б.Ертаева, Қазақстан Журналистер одағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы С.Харченко, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы О.Бекмағамбетов сияқты жауапты қызметтің қиындығын бірге бөліскен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, мықты денсаулық пен толағай табыстар тіледі. “Ат тұяғын тай басар” деп сөз алған экс-сенатор Е.Аман да ұзақ жылдар бойы өңірдің әлеуметтік саласына тер төгіп, өзіне жүктелген осы саланы аса жуапкершілікпен атқара білген Серік Шыңғысұлына жемісті еңбек тіледі.
Осылайша, қостанайлықтардың сый-құрметіне, қөшеметіне бөленген Серік Бектұрғанов ақ үмітті арқалап, жауапты қызметін атқаруға аттанды.
Қарлығаш Оспанова


 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓