750 мың теңгеден астам қаражат ұрлаған
Тәртіп сақшылары облыс орталығындағы ірі сүт өнімдерін өндіретін компанияға тиесілі 750 мың теңгеден астам қаражат жымқырған ер адамды қолға түсірді. Бұл жөнінде облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, қылмыс Қостанай облыстық кәсіподақ үйінің ғимаратында жұмыс уақытында жасалған болатын.
Мешіт Ғазиз