«Парыз» лауреаты атанды

«ССКӨБ» АҚ бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сарапқа салатын республикалық «Парыз» конкурсында «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында лауреат атанды.
18506-1Бірлестікте 2005 жылдан бері ИСО-14001 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған қоршаған ортаны қорғау басқармасының жүйесі табысты жұмыс істеп келеді. Үстіміздегі жылдың 9 айында қоршаған ортаны қорғау бағытына 6 млрд теңге жұмсалған. Атап айтсақ, атмосфераға тарайтын зиянды заттарды азайту мақсатында экологиялық талапқа сәйкес заманауи техникалар сатып алынып, фабрикалық кешендегі 10 ескі ұнтағыштың орнына METSO фирмасының 6 ұнтағыш іске қосылды. Бұнымен қоса өнеркәсіптің алаңның санитарлық-қорғау аумағында атмосфералық ауаның жағдайын бақылап тұратын автоматтандырылған стансаны салу, тағы сол сияқты бірнеше жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл «ССКӨБ» АҚ-ның «Парыздағы» алғашқы жеңісі емес. Өткен жылы кәсіпорын «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын иеленген болатын.
 
Қуаныш Есқабыл

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓