Сайлауға келіңіз!

Сайлауалды үгіт-насихаттың аяқталуына бірнеше күн қалды. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бауыржан Айдаболұлы Тибеев және Гүлмира Амангелдіқызы Қапенова "Болашақ" корпоративтік қорының директоры, "VISION AD" ЖШС басшысы Ирина Аронова және Динара Чайджүнісовамен бірге "Kostanay Plaza" ОСО – да кездесу өткізді.
135067959_433720167770235_1583137137168802160_n15
⠀"Nur Otan"  партиясының өкілдері жастармен, дүңгіршектер иелерімен ашық диалог жүргізді.
⠀-"Nur Otan"- нағыз істердің басқарушы партиясы, ал партияның тұрақтылығы – табыс кепілі. Біз "Nur Otan"  үшін, – деді жастар өкілі.
Ең бастысы, шетте қалмай, сайлауға келіп, өз дауысын беру, өз ұстанымын білдіру – сонда біраз нәрсе өзгереді,-деді дүңгіршектердің біріне келген Арман.
⠀Сіз қай сайлау учаскесіне жататындығыңызды kostanayelection.kz  сайтында ЖСН енгізу арқылы білуге болады. Белсенді азаматтық белсенділігіңізді көрсетіңіз, сайлауға келіңіз.
⠀Сонымен қатар, Қостанай қалалық партия филиалының партиялық бақылау комиссиясы осы кездесудің заңдылығын, сайлау заңнамасы талаптарының сақталуын,  осы кездесудің санитарлық нормаларының сақталуын тексерді. Қандай да бір бұзушылықтар анықталған жоқ.
"Nur Otan" партиясы Қостанай облысының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓